Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Төлеген Шаматұлы Жангелдиев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені → Қазақстан Республикасында кімнің кім екені, Пайдаланған әдебие using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Төлеген Шаматұлы Жангелдиев 1951 жылы 31 тамызда Орал облысы Шыңғырлау ауданы Ағатан ауылында туған. Әкесі - Байғалиев Төлеген Байғалиұлы, зейнеткер, директор болған, аудандық комитетінің екінші хатшысы. Анасы - Байғалиева Ғайни, үй шаруасында. Алматы театр-көркемөнер институтының театр факультетін бітірген (1979), кино және драма актері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1971 жылдан - Д. Нұрпейісова атындағы Кіші академияда актер-педагог. 1987 жылдан - X. Досмұхамедов атындағы Мемлекеттік университеттің аға оқытушысы. 1989-1990 жылдары - Д. Нұрпейісова атындағы оркестрдің директоры. 1995 жылдан 1996 жылдары - Махамбет атындағы Атырау облыстық Қазақ драма театры директорының орынбасары. 2006 жылдан бері - Махамбет атындағы Атырау облыстық Қазақ драма театрының актері. «С. Сейфуллинге 100 жыл» театр фестивалінің дипломанты (Жезқазған, 1994). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (2003). Діни көзқарасы - дінге сенеді. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеуші». Үйленген. Жұбайы - Жұмағалиева Қарлығаш, бухгалтер. Ұлдары - Жангелдиев Еділ, Жангелдиев Абдол, Жангел- диев Айдар, Жангелдиев Асқар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала