Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбдуғалисын Шоқанбаев"
ш (→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Әбдуғалисын Шоқанбаев 1955 жылы 1 ақпанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Еңбек» кеңшарында туған. Қазақ.Әкесі - Шолақаев Жақан, кеңшар бригадирі болып жұмыс істеген. Анасы - Шолақаева Рысбала, үй шаруасымен айналысқан. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық бөлімшесін бітірген (1984), концерт орындаушысы, оқытушы, оркестр дирижері. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. 1983 жылдан - Алматы музыкалық ансамбльдер бірлестігінің аспапшысы. 1995 жылдан бері - К. Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды қазіргі саясатпен экономикалық жағынан дамыған ел ретіндө көру».Хоббиі - жаяу жүру. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи, қазақ әдебиеті. Үйленген. Жұбайы - Жексенбаева Р. (1962 жылы туған), Жетілдіру институтының сектор меңгерушісі. Қыздары - Жоқанова Тұйық (1980 жылы туған), Шоқанбаева Жұлдыз (1981 жылы туған); ұлдары - Шоқанбаев Торғын (1983 жылы туған), Шоқанбаев Тасқын (1984 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>