Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Талғат Нүсіпұлы Ыдырысов"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Талғат Нүсіпұлы Ыдырысов
1961 жылы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданының Георгиевка ауылында туған. Қазақ.
Әкесі - Ыдырысов Нүсіп Ыдырысұлы, ДЭУ-58 инженері.Анасы - Батырова Уайда Батырқызы, педагог.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал бөлімшесін (1989) опералық және концерттік орындаушы мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика академиясын (2007) «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан).
1989 жылдан - К.Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің жеке орындаушы-вокалшысы. 1991 жылдан - К.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жеке орындаушы-вокалшысы, 2001 жылдан - бас директорының орынбасары, 2008 жылдан бері - бас директоры.
Мәдениет қайраткері.
Діни көзқарасы - мұсылман.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарында көру».
Хоббиі - жүзу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.
Үйленген. Жұбайы - Ыдырысова С.Г. (1967 жылы туған), К.Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің дирижер- хор бөлімшесінің дәріскері. Қызы - Ыдырысова Әнел (1993 жылы туған); Ұлы - Ыдырысов Әділ (2007 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>