Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Евгений Альбертович Ган"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Евгений Альбертович Ган - 1952 жылы 7 қыркүйекте РКФСР Вологодский облысының Красавино қаласында туған. Неміс. Әкесі - Ган Альберт Густавович (1913-2000). Анасы - Ган Мария Илларионовна (1912-1984). С. Орджоникидзе атындағы Новочеркасск политехникалық институтын (1974) инженер-электр механик мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты (1994). 80-нен астам жарияланымның авторы. 30 патенттің, оның ішінде 8-і РФ-нікі, 15-тен астамы ҚР алдын ала патентінің иегері.
- 1974 жылдан - эксперименттік базаның инженер-құрастырушысы, 1976 жылдан - құрастыру бюросының бастығы м.а., 1976 жылдан - дәнмен жұмысты механикаландыру зертханасының меңгерушісі, 1984-2001 жылдары - Қазақ астық және оның өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының (Астана қ.) директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.
- 2000 жылдан бері - «Астықты қайта өндеушілер мен наубайшылар одағы» ЗТҰ (Астана қ.) президенті.
«Ынтымақтастық» Ресей халықаралық орталығының «Ынтымақтастық жұлдызы» орденімен (2007); ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасымен (2005); Ресей ұн тартатын және жармалық кәсіпорындар одағының «Нан өнімдері саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» озаттық белгісімен (2005) марапатталған.
Әскери атағы - запастағы капитан.
Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер, орыс классика.
Үйленген. Жұбайы - Ган Анна Михайловна, зейнеткер. Қызы - Ган Инга (1974 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>