Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ирина Петровна Юферова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені → Қазақстан Республикасында кімнің кім екені, Пайдаланған әдебие using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Ирина Петровна Юферова. 1948 жылы 21 тамызда РКФСР Кострома қаласында туған. Орыс.Әкесі - Юферов Петр Матвеевич (1916-1995). Анасы - Юферова Серафима Ивановна (1919-1959). И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының өнер теориясы мен тарихы факультетін бітірген (1973), өнертанушы. «Евгений Сидоркин» (1980), «Эмилия Бабад» (1988), «Иван Бондаренко» (1990), «Елена Воробьева» (1995) монографияларының, «Этюды в неформальных тонах» (1990) мақаласының, «Арт Дискурс-97» каталогына кіріспе мақаланың (1998), «Опыт пристрастного анализа на фоне тектоники конца XX в.» (1996), «Маслов как зеркало современного искусства» (2000), «Изобразительное искусство Казахстана. Валеры и динамика международных отношений» (2002), «Девяностые. Сладкое время надежд» (2005) және т.б. мақалалардың авторы. 1973 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Көркем көрмелер дирекциясының аға ғылыми қызметкері, көрме залының меңгерушісі (Семей қаласы). 1981 жылдан - ҚР Суретшілер одағы Көркем көрмелер дирекциясының аға әдістемөшісі (Алматы қаласы). 1983 жылдан - «Өнер» баспасының редакторы (Алматы қаласы). 1987 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі көркем көрмелөр дирекциясының «Кафедральный собор» концерттік-көрме залының мөңгерушісі (Алматы қаласы). 1993 жылдан - «Вояджер» жеке көркем академиясының иесі және жетекшісі (Алматы қаласы). 2006 жылдан бері - еркін суретші. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1989 жылдан). Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын келешек».<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub