Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тұрар Ахметұлы Алтынбеков"
ш (clean up, replaced: – 2011. → ., 2 томдық → Екі томдық, 2011. → 2011 жыл. using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Infobox Biography Тұрар Ахметұлы Алтынбеков - (1951), экономист.
1951 жылы 16 ақпанда Жезқазған облысы Ағадыр ауданының Успен ауылында туған. Қазақ.
Қарағанды кооперативтік институтын бітірген (1974), экономист.
Қазақ, орысжәне неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.
1968 жылдың шілдесінен - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының «Успен» кеңшарында жұмысшы. 1968 жылдың қазанынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Успен ауылының 178-МПТУ оқушысы. 1969 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Успен» кеңшарының тракторшысы. 1970 жылдан - Қарағанды кооперативтік институтының студенті. 1974 жылдан - Шет аудандық тұтыну одағының бухгалтер-тексерушісі (Ақсу-Аюлы ауылы). 1975 жылдан - Жезқазған облысы Ағадыр аудандық еңбекші депутаттар кеңесінің атқару комитетінде ауыл шаруашылық басқармасыныңағаэкономисі. 1980 жылдан - ҚазКСР Ауыл шаруашылық министрлігінің Жезқазған облысы бойынша Ағадыр ақпараттық-диспетчерлік тобының меңгерушісі. 1982 жылдан - Қазақстан Компартиясының Ағадыр аудандық комитетінде нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлімнің жауапты ұйымдастырушысы (Жезқазған). 1991 жылдан - Жезқазған облыстық Халық депутаттары кеңесінің аппаратында бөлім меңгерушісі (Жезқазған). 1992 жылдан - Жөзқазған облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары - бөлім бастығы, басқарма бастығыныңбірінші орынбасары. 1995жылдан - Жезқазған облыстық ауыл шаруашылығы және астық ресурстары департаменті бастығының орынбасары. 1997 жылдан - Қарағанды облыстық ауыл шаруашылық департаментінің маркетинг бөлімінің бастығы, департамент бастығының орынбасары, департамент бастығының м.а. 2002 жылдан - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары. 2004 жылдан - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімі.
2010 жылдың тамызынан бері - Қарағанды облыстық Жер қатынастары басқармасының бастығы.
4 медальмен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>