Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Арлану"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
21:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы
Арлану — адамның өз оғаш қылығына намыстанып, ұятсынуы. Арлы болу жарасымды сипат. “Жарлы болсаң да арлы бол”, — дейді қазақ мақалы. Бұл, көбінесе, қайсар, табанды, ержүрек, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдарға тән қасиет. А. — адамның өз мініне күйінуі, жаңсақ басқан қадамы үшін өзін-өзі жазғырып, өкінуі, ренжуі секілді көңіл-күйінің өзгеруінен байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқойлық — жұртшылық алдында өз жауапкершілігін арттыруға жәрдемдеседі. А. адамды іштей тебіренте толғандырып, қоғам алдында арын таза ұстауға, оған дақ түсірмеуге, азаматтық борышын адал, мінсіз атқаруға итермелейді.
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}