Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әнеш Мұқатайқызы Дайырова"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Қазақ әдебиеті) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Әнеш Мұқатайқызы Дайырова (9.9.1927, Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылы - 1997, Алматы) - ғалым, филология ғылымының қандидаты(1964). ҚазҰУ-ды (1951), ҚазҰПУ-дың аспирантурасын бітірген (1963). 1951 - 1954,1964 - 1997 ж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1954 - 1960 ж. ҚР-ның А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасында (қазіргі Ұлттық кітапхана) аға библиограф қызметтерін аткарған.
Шығармалары:
- Әдебиеттік оқу кітабы. Орта мектептің IV сыныбына арналған оқулық. А., 1969, 1970;
- Әдебиеттану. VIII-X сынып оқушыларына сыныптан тыс оқу үшін. А., 1974;
- Абай Құнанбайұлы. Өмірі мен творчествосы. Синтаксистік таблица (Авторлармен бірге). А., 1976;
- Ілияс Жансүгіров. "Әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші" (құрастырған). А., 1973;
- Ғабит Мүсірепов. Таңдамалы әңгімелері. VIII - X сынып оқушылары үшін (құрастырған). А., 1979.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify