Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Евгений Иванович Коротин"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиттер → Дереккөздер, 2002 ISBN → 2002 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Евгений Иванович Коротин (26.3.1926 ж.т., Орал қ.) - өлкетанушы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты (1965), профессор (2001). Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі. 1955 ж. Орал педагогикалық институтын, 1958 ж. Абай атындағы ҚазПИ-дің (қаз. Алматы мемлекеттік университеті) аспирантурасын бітірген. 1958 жылдан Орал пед. институтында (қаз. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) сабақ береді. Жергілікті халықтың фольклорын жинап, этнографиясын зерттеумен айналысады. Негізгі ғыл. жұмыстары Орал казак-орыстарының әдеби мұраларын талдауға арналған. Ол Батыс Қазақстан аймағы бойынша 35 ғылыми-этнографиялық экспедиция ұйымдастырып, жергілікті казак-орыстардың 700 фольклорлық шығармаларын жинады. Коротиннің жетекшілігімен ауыз әдебиеті архиві, орыс фольклоры кабинеті (1996) ашылып, Круглозерное кентіңде «Уральские казаки» ансамблі құрылды. Ол ҚазМУ жанындағы Фольклорлық шығармалар жөніндегі үйлестіру кеңесінің, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі. Бірнеше медальмен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub