Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәнет Теңелбайқызы"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Теңелбайқызы Мәнет (1967 жылы туған, Форт-Шевченко) – мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2005). Атырау қаласындағы мәдени-ағарту училищесін (1987) бітірген. «Маңғыстау балық тоңазыту» басқармасы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі (1988 – 1993), аудан әкімі аппаратының ауданы телерадио хабарын таратуды ұйымдастырушы (1993 – 1997), ауданы білім бөлімінің ақпараттар тарату жөніндегі әдіскері (1997 – 1999), аудан әкімі аппаратының «Жастар ісі, туризм және спорт» бөлімінің меңгерушісі (1999 – 2000) болды. 2000 жылдан Ақшұқыр мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының директоры болып жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>
Дереккөздер
<references/>