Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сандықтас"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Сандықтас – ескерткіш тақтатас-белгі; Маңғыстау өңірінде кең таралған қабірүсті ескерткіштерінің бірі. Сандықтастар 14 – 15 және 20 ғ-дың басында құлпытас және қойтаспен бірге қабір басына құрастырылып орнатылатын болған. Сандықтас түрлері ертедегі және көркем-сәулеттік пошымдарға бөлінеді. Ертедегі пошымы қарапайым параллепипед пішінінде өңделген немесе шала өңделген жазық тақтатастардан құралады. Көркем-сәулеттік түрлерінің жоғарғы жағы доғалданып, күмбезделіп жасалады да, оның қабырғаларына ою-өрнектер мен әр түрлі суреттер салынады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>