Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ракушечный"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: темп-расы → температурасы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Ракушечныйгазконденсат кені. Оңтүстік Маңғыстау ойпаңының Құмдымүйіс-Ұлутасты антиклинальдық блогында орналасқан. Кен 1973 ж. ашылған. Кенді сыйыстырушы құрылым ортаңғы өзекті қабаттың өлшемдері 5,5x4 км беті бойынша және амплитудасы 30 м келген күмбез тәрізді көтерілім. Триас шөгінділерінде құрылым тектоникалық тіліктер арқылы күрделіленіп Солтүстік және Солтүстік Ракуша бөліктеріне бөлінген. Сыйымдылық түріне қарай иірімдер Солтүстік Ракуша блогында қабаттық дөңдік сипатта. Солтүстік Ракуша блогының А және Б иірімдеріндегі бастапқы қабаттың қысымы 40 МПа, температурасы 156xС, ал Солт. блокта тиісінше 43,2 МПа және 163xС. Юра қабатындағы газдың 81,25%-ы метаннан, 16%-ы ауыр көмірсутектерден, 2,7%-ы азоттан тұрады. Газдың шығымы тәулігіне 46,4 мың м3, тұрақты қабат суларының тығызд. 1034 кг/м3, минералд. 56,6 г/л, құрамында йод, бром, бор бар. Кен 1981 жылдан пайдаланылуда.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub