Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәжит Диқанбаев"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, 2011. ISBN → 2011 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мәжит Диқанбаев(1910-1983), Мұхтар Әуезовтің жиені, немере ағасы Самарханның Зура деген қызынан туған. Жас көзінен бастап Әуез ауылында өскен. Өнерге, білімге кұштар, зиялы да іскер адам болған. Ол Абай мен Әуез ауылы тәркіге түсіп, жер аударылып, аштыққа ұшырап, ажал тырнағына ілінгенде көп қайрат көрсетіп, қол ұшын берген. Әсіресе, нағашысы Әуез ұрпақтарына ерекше жәрдемдескен. Мәжиттің қамқорлығының нәтижесінде Разақтың үй іші азып-тозып кетуден аман қалды. Мұғамила Әуезова: «Разақ ағаның қарындасынан туған Межит Диханбаев ағамыз қатынасып жүретін. Көпшілік туыстар оның атын атамай Жиен дейтін. Кейін ол да сотталып, «жазасын» өтеп кайтты. Оның сондағы бар кінәсі бір той-томалақ, жиын, дастархан басында отырып шырқаған әні сол кездегі жүйеге қарсы батытталған деп танылып, соған бола айдауда жүріп келеді. Ауыл-елде кәмпеске басталып, дүние алма-кезек ауысып жатқанда ауылдағы туыстар бала-шағаларын сол уақыттың өзінде қаладағы ағайындарына паналатуға жіберіп жататын. Мәжит ағамыз сондай келістердің бірінде Разақ ағатайымның балаларын жетектеп әкелді» деп жазады. Мәжиттің мұндай жақсылығы туралы Г. Омарханова, В. Н. Әуезова өз естелігінде ерекше ілтипатпен атап өтеді. Мұғамила Мұхтарқызына да сондай қамқорлық жасаған. Бердіқожадан бергі Мұхтардың ата шежіресін хатқа түсіріп, нақты дәлелмен жүйелеп жазған «Мен білетін өмірбаян» атты қолжазбасының түпнүсқасы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қолжазба қорында сақтаулы. Оның қысқартылған нұскасы «Әуезов туралы естеліктер» (1997) атты жинақта жарияланды. Бұл Әуезовтің туған ортасы туралы барынша анық та қанық бағалы дерек көзінің бірі болып табылады. Өкінішке орай, қолжазба аяқталмай қалған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>
Дереккөздер
<references/>