Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кәмәлия (Кәмәш)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Кәмәлия (К ә м ә ш) (1882-1973) Абайдың келіні. Ақылбайдың баласы Әубәкірдің әйелі. Кәмәлиядан Қапсәлем, Әлихан туған.

Оспанның үйіне келін боп түскен Кәмәлияны Абай шақырып алып: «Қарағым, Кәмәш, ата-енеңді, туыс-туғанды сыйлап, салг-дәстүрді сақтағаның дұрыс. Бірақ менің алдымда бетіңді ашып, өз үйіңде жүргеніңдей еркін жүр, - деп, Кәмәлияның басындағы желегін алғызган. Кәмәлия Абайдың ас-ауқатын әзірлеп, киімдерін жаңа үлгімен тігіп беріп, ақынның шығармашылықпен алаңсыз айналысуына жағдай жасап отырған. Кәмәлия өзінің естеліктерінде Абайдың Тобықты елінің тұрмысына көптеген жаңалық енгізгенін, соның бірі - үй-ішінің дүние-мүлкі мен ыдыс-аяқтарды, асадал (шкаф), матадан жасалған үлкен дастарқан, кенеп орамал, құлақты шыныаяқ, самаурын, сағат т. б. заттарды қаладан арнайы алдырғанын айтады.

Абайдың Жидебайдағы мұражай қорында Кәмәлия тапсырған Абай үйінің кейбір дүние-мүліктері, ақынның тоғызқұмалақ тақтасы, тастары және оның былғарыдан тігілген тері қалташасы, [Абай|Абайдың жасанды тістері, Еркежанның сүйектен жасалған төсегі, шымылдық, төсекжапқышы, білезігі, Кәмәлияның өзінің киімдері, құндыз бөркі мен камзолы, 1903 ж. түсірілген әулеттік фото-суреті, Кәмәлияның айтуымен жазылып алынған естеліктері сақтаулы.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub