Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құлтума Өтемісұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Құлтума Өтемісұлы (1860, Қарағанды облысы Нұра ауданы Жартытөбе ауылы – 1915, сонда) – суырыпсалма ақын, әнші, композитор<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том</ref>. Алтай-Қарпықтың шонжары Аққошқар Сайдалының асында 9 күнде 18 ақынмен айтысып, бәрін жеңген. Ол Шөже, Орынбай, т.б. айтыстың хас шеберлерімен сөз сайысына түскен. Құлтума Біржан сал, Кемпірбай, Жаяу Мұса, Қанапия, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Ғазиз, Иманжүсіп, Шашубай, Балуан Шолақ сияқты сал-серілермен, әнші, ақындармен аралас-құралас болған. Ақынның “Шабыт шақыру”, “Билер жөнінде”, “Өмір туралы”, “Қарттық жөнінде”, “Термелер”, “Бір ақынға” дейтін өлеңдері бар. Оның “Үш көтерме”, “Тау қиялап”, “Пау-ой”, “Шайқалма”, “Дөңбек”, “Жамал-Шамшид”, “Демалыс”, т.б. әндері ел арасына кең тараған. Бұлардың кейбіреуін халыққа жеткізген – әнші Қосымжан Бабақов. А.Жұбанов пен Л.Хамиди Құлтуманың “Үш көтерме”, “Тау қиялап” әндерін “Абай” операсында қолданған.

Дереккөздер</span>

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала