Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Омофон"
ш (clean up, replaced: 1998 ж., → 1998 жыл, using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Омофон (Үлгі:Lang-el — бірдей, phone—дыбыс) — айтылуы бірдей, жазылуы мен мағынасы әр басқа сөздер. Мысалы, ащы (дәм), асшы (аспаз) сөздері айтылуда ашшы болып дыбысталады, қарала (қарсы мағынасы — ақта), қара ала (қара түс пен ақ түстің араласып келуі) сөздерінің айтылуы - қаргша. Қазақ тілінде омофондар түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркестері сыңарлары аралығындағы дыбыстардың ілгерінді-кейінді ықпал, элизия және тағы басқа фонетикалық заңдылықтардың пайда болуынан, орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтаудан туындайды. Сондай-ақ әр түрлі жазылатын бірақ бірдей дыбысталатын фонемалар да омофон деген ұғымға кіреді. Мысалы, қазақ тіліндегі һ және х әріптерінің дыбысталуы ұқсас: қаһарман, хат, хабар, қаһар, гауһар.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Дереккөздер
<references/>