Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Фреатофиттер"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Фреатофиттер (грек. phreatos — құдық және фит) — тамыр жүйесі терең орналасқан, ылғал көзі ретінде грунт суын пайдаланатын өсімдіктер. Негізінен құрғақ аймақтарда кездеседі. Фреатофиттердің айқын мысалы — құрма пальмасы (Phoenіx). Ол Азия мен Африка шұраттарында өседі. Діңі тік, биіктігі 15 — 20 м, жапырағының ұзындығы 4 — 6 м. Тамыр жүйесі терең орналасқандықтан (тереңде жатқан грунт суына жетеді) ыстық әрі құрғақ жерлерге бейімделген. Қазақстанда Фреатофиттерге сарсазан, жантақ, бұдыр мия жатады. Фреатофиттер грунт суларының тереңдігі мен олардың сортаңдану дәрежесінің индикаторы бола алады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", ұ том

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify