Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тонопласт"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: 1998 ISBN → 1998 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Тонопласт (грекше tonos – кернеу және plastos – жасалған) – тек өсімдік жасушаларына тән вакуоль қуысын шектеп тұратын биологиялық мембрана. Дамып жетілген жасушада вакуоль жасуша көлемінің 90%-ын алып жатады. Онда суда еріген органик. және минералды заттар шоғырланады. Сонымен қатар жасушадағы метаболизм процесінде түзілген метаболиттік қалдықтар жиналады. Тонопласт барлық биол. мембраналар секілді билипидті, липопротеидті құрылым болып саналады. Ол заттарды вакуольден цитоплазмаға немесе кері бағытта сұрыптай өткізгіш қызметін атқарады. Тонопласт көптеген гидролиздегіш ферменттермен және заттарды тасымалдағыш белоктармен жабдықталған. Ферменттердің күрделі полимерлі қосылыстарды бөлшектей ыдырататын қабілеті болады. Протопласт (сыртқы қабығынан аршылған жасуша) арқылы тазаланып алынған Тонопластта аденозинүшфосфор қышқылы (натфаза) ферментінің белсенділігі анықталған. Бұл фермент цитоплазмадағы протондарды вакуольге тасымалдап, ондағы рН деңгейін қалыпты межеде сақтап, реттеуге қатынасатындығы анықталды.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify