Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Диплотен"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Диплотен (грек, diploos — қос-қосынан, қосарынан) — жыныс жасушаларының пісіп жетілуіндегі (гаметогенездегі) жасушалардың бөліну түрі — мейоздың ең ұзақ бірінші кезеңі — профазадағы кұрделі құрылымдық өзгерістер жүретін сатысы. Диплотен сатысында пахитенде ширатылып жуандаган біріншілік сперматоциттер немесе овоциттер ядроларындагы жұп гомологиялық хромосомалардың әрқайсысының жанында, интерфазада қорланған ДНҚ мен белоктардан олардың көшірмелері — жаңа хромосомалар түзіліп, олардың саны екі еселенеді де, төрт-төрттен орналасқан тетрадалар пайда болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала