Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жүрекқап"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жүрекқап (ұлпершек) (Үлгі:Lang-la) — жүректі сыртынан қаптап, оның бірқалыпты қызметін қамтамасыз ететін сыртқы сірлі қабық туындысы. Жүрекқап өз кезегінде үш қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты - көкірекортасының сірлі қабығы (көкірекортасының плеврасы). Жүрекқаптың негізін, яғни оның ортаңғы қабатын көкірекіштік шандырдың жүрек түсындағы бөлігі - талшықты (фиброзды) қабат құрайды. Ұлпершектің ішкі бетін жүрекқаптың сірлі қабығының сыртқы қабырғалық (париетальды) жапырақшасы астарлайды. Жүрекқаптың ішкі сірлі қабаты жүректің табаны арқылы, оның сыртқы бетіне өтіп, жүректің сыртқы қабығы — эпикардты (жүрекқап сірлі қабығының висцеральды жапырақшасы) құрайды. Жүрек пен жүрекқаптың аралығындағы қуысты перикард қуысы деп атайды. Бұл қуыста жүрек пен жүрекқаптың беттерін сылап тұратын аздаған сірлі сұйық болады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub

ru:Околосердечная сумка