Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Желінқап"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Желінқап — мал желінін қорғау мақсатында байланатын жапқыш. Желін, шап, үйек айналасын жауып тұратындай, ал түбі емшектерін қаусыра ұстайтындай пішінде жұмсақ матадан тігіледі. Жоғары ұштарында белден асырып байлайтындай ұзын бауы болады. Оны қыстың аязынан, қан сорғыш ұсақ жәндіктерден қорғауға және төлімен бірге жібергенде емізбеу үшін пайдаланады. Сондай-ақ, топжелін, желінсау, іріңді жараға айналған желін ауруларын емдегенде шаң-тозаңнан қорғау үшін де тағылады. <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>