Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Электрмобиль"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Көлік → Санат:Транспорт) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Электрмобиль (электро… және лат. mobіlіs – қозғалмалы, оңай жылжитын), электр автомобиль – аккумуляторлық батареялардан, т.б. ток көздерінен қоректенетін бір не бірнеше қозғалтқышпен жабдықталған автомобиль. Шусыз қозғалуы, ауаны ластайтын газ шығармайтындығы Э-дің артықшылығы болса, жүріс қорының шектелуі (аккумуляторлық батареяларды жиі-жиі зарядтап отыру қажет), соның салдарынан салмағының ауыр болуы оның кемшілігі болып есептеледі. 2008 жылдың қаңтарынан бастап Жапонияның Mіtsubіshі фирмасы Жапония мен АҚШ рыноктарында алғашқы электрмобильдердің сериясын сатуға дайындалуда.