Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нұрмолда Алдабергенов"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары» деген санатты қосты (HotCat құралының...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
18:31, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Тұлға Нұрмолда Алдабергенов (20.12.1906ж. - 17.11.1967ж.)<ref>Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987</ref> - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948, 1958), Қазақстандағы колхоз құрылысын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, қоғам қайраткері, туған жері Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарағаш ауылы, Желдіқора қыстауы.
Жетістіктері
- 1927— 1930 Түркістан — Сібір темір жолын салуға қатысқан.
- 1930 — 1933 Талдықорған облысы “Жаңа талап” ұжымшарында колхозшы, бригадир.
- 1942 жылы ол басқарған ұжымшар еңбеккерлері қант қызылшасының әр га-нан 365 ц, астықтың әр га-нан 13,7 ц өнім жинады. Ал қант қызылшасы егілген жеке тәжірибе учаскесінің (10 га) әр га-нан 834 ц түсім алды.
- 1942- 1945 Ұлы Отан соғысына қатысқан.
- 1947 ж. Алдабергеновтің басқаруымен Жетісу өңірінде тұңғыш су электр станциясы салынды. Мұқыры ауылында тұрғын үйлер, орталық мәдениет үйі, тұрмыс қажетін өтейтін орталық, сауда орталығы, балалар бақшасы, орта мектеп, аурухана құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Ол ауыл шаруашылығында егіншілік мәдениетін арттыру және мал тұқымын асылдандыру ісінде ғылым жаңалықтары мен озат тәжірибені өндіріске батыл енгізіп, жоғары өнімге қол жеткізді, сөйтіп ұжым экономикасын күрт жоғары көтерді. Ұжымшарда озат тәжірибе мектебі тұрақты жұмыс істеді, асыл тұқымды мал фермалары құрылды, ауылда қала үлгісінде құрылыс салу тұңғыш жүзеге асырылды.
- 1945-1950 Талдықорған облысы "Жаңа талап" колхозының председателі.
- 1950 — 1961 жылдары Сталин атындағы (кейін Н.Алдабергенов атындағы) іріленген ұжымшардың төрағасы.
- 1965-1967 жылдары “Карл Маркс” атындағы ұжымшардың төрағасы болып істеді.
- Үшінші және төртінші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.
- Бесінші сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.
- Қазақстан КП -ның жетінші, сегізінші, оныншы съездерінде ОК мүшесі болып сайланды.
Есімі берілген жерлер
- Талдықорған қаласы мен Қарабұлақ ауылында орталық көше.
- “Шұбар” мектебіне Алдабергенов есімі берілген.
Наградалары
- Екі мәрте Ленин оредені
- Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен
- 6 рет Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінің Үлкен Алтын медалімен марапатталған.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
- Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948, 1958)
- Медальдар
Дереккөздер
<references/>