Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Магмалық жьныстардың минералдық құрамы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Магмалық жьныстардың минералдық құрамы. Тау жыныстарының минералдық құрамы, олардың химиялық құрамына сәйкес, магманың өзгешеліктерімен және оның кристалдану жағдайларымен анықталады. Сондықтан магмадағы басты элементтер — оттек пен кремний. Демек, магмалық жыныстардың өте маңызды бөлшектері силикаттар және кварц болады.
Магмалық тау жынысының құрамына кіретін минералдар екіге бөлінеді:
- басты минералдар — бұлар тау жынысының қай топқа жататынын анықтаушылар
- екінші дәрежедегі минералдар — бұлар жыныстарда аз мөлшерде кездеседі немесе тіпті болмайды; олардың болу-болмауынан жыныстың жалпы түрі өзгермейді.
Бұдан басқа, жыныс құраушы минералдар түсті және түссіз минералдар болып та бөлінеді.
- Түсті минералдар — темірлі магнийлі (фема) силикаттар—бұлар амфиболдар, оливин-пироксендер, биотиттер.
- Түссіз минералдар құрамында кремний мен алюминий тотықтары басымырақ , сондықтан оларды «сал» минералдар деп те атайды. Бұлар көбінесе мөлдір келеді. Түсті минералдары көп жыныстар меланократтық , түссіз минералдары кептері лейкократтық бөлігі айрылады.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify