Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Аминопласт"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Аминопласт<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> , карбамидті пластиктер — құрамында амин тобы бар органикалық заттардың (мочевина, меламин, анилин тағы басқа) альдегидпен әрекеттесуі нәтижесінде алынатын пластмассалар. Олардың арасындағы ең көп тарағаны — мочевина. Аминопласт формальдегидтік және меламинформальдегидтік шайырдан алынады. Ол күн сәулесінің, судың әсеріне төзімді, иіссіз, тиісті реңге боялады, ток өткізбейді және қышқылдар мен негіздердің, спирт, бензин, ацетон тағы басқа органик. еріткіштердің әсеріне де төзімді келеді. Өнеркәсіпте аминопласт ұнтақ, қабатты немесе кеуек-қуысты масса түрінде шығарылады. Ұнтақ аминопластардан әртүрлі бұйымдар, ойыншықтар, телефон, радио және телевизор қораптары тағы басқа әзірленеді. Қабатты аминопласт түссіз, мөлдір болғандықтан, жиһаз бетін, үй қабырғасын тағы басқа әсемдеу үшін пайдаланылады.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub