Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Павлодар химия зауыты"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Нұрлан Рахымжанов Павлодар Химия Зауыты бетін Павлодар химия зауыты бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Павлодар Химия Зауытыхимия өнеркәсібі орны. 1973 ж. пайдалануға берілген. 1989 жылға дейін КСРО қорғаныс кешенінің кәсіпорны ретінде КСРО Химия өнеркәсібі мин-нің “СОЮЗОРСинтез” құрамында болды. 1994 ж. мемл. акцион. қоғам болып қайта құрылды. 1999 ж. 1 сәуірде зауыт ашық акцион. қоғамға айналдырылды. 2001 жылдың 9 қаңтарынан кәсіпорын акцияларының мемл. пакеті Павлодар әкімінің коммуналдық меншігіне берілді. Өндіретін негізгі өнімдері: кішігірім ыдысқа құйылған сұйық хлор, дезинфекциялаушы заттар, антифриздер мен мұздатпайтын заттар, ИОМС, поливинилхлорлы пластикаттар, майға қоспалар, флотореагенттер, моторлық майлар. “ПХЗ” хлорлы-сілтілі өнімдер өндірісін дамытуға бағдарланып отыр.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, V-том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub