Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәйітхана"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Мәйітхана, морг (французша morgue)<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> — ауруханалардың, сот-медициналық мекемелердің жанындағы арнаулы орын. Бұл жерге өлген адам денелері қабылданып, сақталады; қайтыс болу себебін анықтау үшін, мәйітті сойып көреді. Белгісіз мүрделер танылған жағдайда, арнаулы құжаттар арқылы тіркеп, жақын-туыстарына қайтарылады. Мәйітханада мүрделер денесі ыдырап бұзылмас үшін, ауасы салқын, суық жерлерде сақталады. Кейінгі кезде үлкен Мәйітханаларда мәйіттерді арнаулы 2 — 3 қатардан тұратын ұяшықтар, сейфтер арқылы үлкен қатырғыштарда сақтайды. Мәйітханада өлген адам денесін жуатын, бальзам жағатын, киіндіретін, өлген кісімен қоштасу дәстүрлерін жасайтын қосымша арнаулы орындары (бөлімшелері) болады. Мәйітханаларда медицина оқу орындарының студенттеріне арналған және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті секция залдар, гистология, химия, бактериология лабораториялар ұйымдастырылады.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub