Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көлемдік сорғы"
ш (clean up, replaced: – Алматы, Мектеп, 2002 → – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Көлемдік сорғы — кірісі мен шығысына алма-кезек қатынасты және көлемі өзгеріп тұратын жұмыс камерасындағы жұмыс органының әсер ету күші арқылы сұйық зат тиісті қуатқа ие болатын сорғы. Көлемдік сорғыларға: поршеньді (плунжерлі), роторлы, өтпе қанатшалы, диафрагмалы, иірлік сорғылар және шынжырлы, таспалы, шөмішті сукөтергіштер жатады. Көлемдік сорғылар ғидромелиорациялық жұмыстарда, гидротехникалык құрылыстарда, бұрғылау қондырғыларында, бетон қоспасын және цемент ертіндісін беруде, мелиорациялық-құрылыс машиналарының механизмдері мен технологиялық жүйелерін жабдықтауда және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде қолданылады. Көлемдік сорғылардың өнімділіғі 0,010-800 м3/сағ., арыны 25-25000 м аралығында. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>