Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жатын режимі"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
11:06, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы
Жатын режимі - мұнай мен газдың игеру ұңғымаларына құйылуына себепші болатын жатындардағы әр түрлі қойнауқаттық энергияның көрініс беру механизмі. Кенорынның геологиялық құрылысына, қойнауқатың физикалық-химиялық қасиеттеріне және оларды қанықтырушы флюидтерге, игеру мен пайдаланудың адамдар әрекеті нәтижесінде туындаған жағдайларына байланысты. Флюидтің ұңғыма оқпанына ағуын қамтамасыз ететін қойнауқат энергиясы түріне қарай. Ж.р-нің негізгі 4 түрі ажыратылады: суарынды, газарынды, еріген газдық, гравитациялық. Қойнауқаттық флюидтің қозғалуы көбіне жатынның ішкі энергиясы есебінен жүретін режиімдерді сарқылу режимдері деп атайды. Койнауқат флюидтердің ұңғыма оқпанына қарай қозғалуы қойнауқаттық энергияның ықпалынан тысқары көздерге - шеткі сулар арынының немесе газды тақия газының әсеріне байланысты болса, ондай режимдерді ығыстыру режимдері деп атайды. Мұнайдың Ж.р.-нің бастылары: газарынды, суарынды, газданған сұйықарынды, гравитациялық арынды; газдарға тиесілі жатын режимдері - газдық, суарындық. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}