Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәңгі тоң"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, – Алматы, Мектеп, 2002 → – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Мәңгі тоң - көпжылдық тоң; үш түрлі шартты түсінікпен анықталатын термин: 1) жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі таужыныстардың 0°-тан төмен температурадағы тоңға айналу құбылысы; 2) таужыныстардың ұзақ уақыттар бойы ерімейтін (жібімейтін) қабаты; 3) бойындағы ылғалы тоңға айналып, берік шегенделген таужыныстар. М.т. қалындығы бірнеше метрден 600—700 м-ге дейін жетеді. М.т. бүкіл Сібірді қамтумен бірге, биік тау бастарында (Тянь-Шань, Памир және т.б.) да таралған. М.т. табиғаттың барлық құрамдарының сипатына ықпалын тигізеді, яғни М.т. таралған аумақтарда ерекше жер бедері түзіледі (шұқанақтар, батпақты ойыстар, өзегі мұздаң тұратын төбешіктер жене т.б.); топырақ түзілу процесі баяу жүреді; ағаш, өсімдік түрлері тамырын тереңге жая алмайтындықтан, орман-тоғай сирек өседі және т.б. Мәңгі тоңның тигізетін әсері түрлі құрылыстарда, жол салуда, пайдалы қазбалар өндіруде, егін егуде есепке алынып отырады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub