Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Оңалбек Налеев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (top: clean up, replaced: туылған → туған using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Оңалбек Налеев (1942 жылы туған, Созақ ауданы) – ғалым, техникалық ғылымдарының докторы (1993), Халықараралық энергоинформатика академиясының, ҚР ауыл шаруашылығы академиясының академигі, ҚР Жоғары мектеп академиясының корреспондент мүшесі.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref> Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) институтын бітірген (1964). 1965–66 жылдары Семей қаласында жұмыс істеді. 1966–71 жылдары Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында; 1971 жылдан аталмыш институттың Алматы бөлімінде ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор; 1974–86, 1994–95 жылдары технология факультетінің деканы, 1995 жылы бірінші проректор қызметтерін атқарды. Оңалбек Налеевтің 180 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары, 2 оқу құралы жарық көрген. «Өндірістік технология және сервис» ғылыми журналының ақылдастар алқасының мүшесі.<ref name="Source 2">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub