Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сембек Есләмханов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Есләмханов дегенді Сембек Есләмханов дегенге жылжытты)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Есләмханов Сембек (1921 – 1990, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы С.Мұқанов ауылы) – партия-кеңес қызметкері, финн және 2-дүниежүзілік соғыстарына қатысқан. Алматы Жоғары партия мектебін (1953), Абай атындағы ҚазҰПУ-ды бітірген. Еңбек жолын 1939 жылы бастауыш мектептің мұғалімі болып бастаған. 1940 жылы Кеңес армиясы қатарына алынып, соғысқа соңғы күндеріне дейін қатысқан. Армия қатарынан босатылғаннан кейін Көкшетау облысы комсомол комитетінің 2-хатшысы, Қазақстан КП Красноармейский ауданы комитетінің 2-хатшысы (1953 – 55), Көкшетау кітапханашылар техникумының басшысы (1955 – 58), облысы «Білім» қоғамының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1963 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Алматы құрылыс техникумының сырттай оқу бөлімі бойынша директорының орынбасары болды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала