Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Торпақ (шоқжұлдыз)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Сілтемелер: clean up, replaced: энцклопедия → энциклопедия using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:10, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Торпақ (лат. Taurus) – 12 зодиактік шоқжұлдыздардың бірі. Торпақ аспанның Солтүстік жарты шарында Персей, Тоқты, Кит, Эридан, Таразы, Егіздер, Жетекші шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан (қ. Жұлдыздық аспан картасы). Ең жарық жұлдыздары – Сұлусары (Альдебаран), Нат, Альциона. Бұлар 0,8; 1,6 және 2,9-көрінерлік жұлдыздық шамада жалтырап көрінеді. Торпақта Гиад және Үркер деп аталатын екі шашыранды жұлдыз шоғыры бар. Торпақ қараша – желтоқсан айларында жақсы көрінеді.

Сурет:TaurusConstellation2.jpg
Торпақ шоқжұлдызы

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Үлгі:Wikify