Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жершашақ тұқымдасы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жершашақ тұқымдасы (Cynomorіaceae) — қос жарнақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер шарында ылғалы мол тропиктік ормандарда өсетін 18 туысы, 120-дай түрі бар. Қазақстанның далалы аймағында және тұзды топырақты шөлейтті жерлерінде жершашақ тұқымдасының өзі аттас бір ғана туысқа жататын — жоңғар жершашағы (C. sondarіcum) кездеседі. Бұл — хлорофилсіз, қызыл немесе қошқыл қоңыр түсті бұтақталған жуан тамырлы өсімдік. Биіктігі 9 — 80 см. Қабыршақ тәрізді жапырақтары етжең сабағына жиі орналасады. Қос жынысты, ұсақ гүлдері шоқ-шоқ болып, түйреуіш тәрізді гүлшоғырына топтасып, сабақтың ұшында жетіледі. Мамыр — шілде айында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жемістенеді. Жемісі — жаңғақша. Жершашақ тұқымдасы — жыңғыл, ақ тікен, шырғанақтың тамырларына жабысып өсіп, паразиттік тіршілік етеді.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub