Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бұршаққолтық"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Бұршаққолтық , гитарник (Сіthareloma) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді аймақтардың құмды, құмдақты жерлерінде өсетін 2 түрі (көктем Б., Леман Б.) бар. Олардың биікт. 3 – 40 см. Сабағы бұтақты, сыртын түк басқан. Жапырақтары сағақты, шеті оймалы. Тостағанша жапырақтары ұзынша, күлтелері ақ, қызғылт түсті. Жатыны отырыңқы, аналық мойны ұзынша, аузы қос қалақты. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша бұршаққын. Тұқымы өте көп, бір не екі қатарға орналасқан.

Үлгі:Суретсіз мақала