Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шахталық таспа"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: ұз. → ұзындығы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Шахталық таспа — жер астындағы кен қазбаларының арасын өлшеуге және геодезиялық-маркшейдерлік жұмыстарда бағыттарды дәл анықтауға арналған аспап. Ол ұзындығы 20 — 50 м (кейде 100 м), ені 15 — 20 мм, қалыңд. 0,3 — 0,4 мм болып, болаттан не инвардан (64% темір, 36% никель қоспасы) жасалады. Шахталық таспада метрлік белгі жабыстырылған жезбен, жарты метрлік белгі тойтарылған шегемен, ал дециметрлік белгі тесіктермен белгіленеді. Шахта таспаның әрбір 20 метрлік ұзындығында қада кигізілетін тесік болады, ол арқылы Шахта таспа жерге бекітіліп қойылады. Шахта таспаның өлшеу дәлдігі жоғары.
Сілтемелер
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.