Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Іздеудің биохимиялық әдісі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Алматы: 2003. → Алматы: 2003 жыл. using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Іздеудің биохимиялық әдісі. Пайдалы қазбаларды геохимиялық тұрғыдан іздеу әдістерінің бірі; элементтер таралуының биохимиялық жатындарын анықтауға негізделген. Сөз болған мақсаттағы жүзеге асыру жолында төмендегі шаралар рет-ретімен іске асырылады:

  1. өсімдіктердің әр түрлі бөліктері сынамалар ретінде алынады;
  2. алынған сынамалар отқа жағылып, күлге айналдырылады;
  3. күлдер жан-жақты талдаудан өткізіледі (спектр көмегімен, химиялық тұрғыдан, колориметрлік тәсілмен, т.с.с.);
  4. талдау нәтижелеріне сәйкес, нақтылы элемент мөлшерінің қалыптан ауытқу, яки кларктан артық аймақтары белгіленіп алынады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің

түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub