Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нейтрондық импульстік каротаж"
ш (clean up, replaced: Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003 → Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Нейтрондық импульстік каротаж - нейтрондық каротаж әдістерінің бірі. Бұл әдістің өзге нейтрондық каротаж әдістерінен айырмашылығы — нейтрондардың импульстік көзі ұңғыма оқпанына түсірілетіндігінде. Аталған нейтрондар көзі (нейтрондар генераторы) ұңғыманың әр түрлі деңгейлеріндегі таужыныстарды қас-қағым сәтке ғана (микросекундтар) ұрғылап өтеді. Осы импульстік ұрғылаулар аралығында жылу нейтрондарының тығыздығы, немесе радиациялық тұтқындау гамма-сәулелерінің қарқындылығы өлшеніп отырады. Алынған деректер нейтрондарды сіңіру тілмесі жоғары элементтердің, бірінші кезекте хлор мен бромның, таужыныстағы үйірімділігін шамалауға мүмкіндік береді. Нейтрондық импульстік каротаж әдісі су-мұнай жапсарын тап басуға көмектеседі, себебі мұнайлы деңгейлердегі жылу нейтрондары өмірінің орташа ұзақтығы минералданған сулы деңгейлердің осы көрсеткішімен салыстырғанда әлде қайда мол мөлшермен сипатталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify