Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ортит"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Рудалар → Санат:Кендер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:02, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ортит (грекше ortos — тура) — силикаттар класына жататын минерал.Химиялық формуласы: (Са, Се)2(АӀ, Ғе)3 [SiO4][Si2O7]O(O,OH) Сингониясы — моноклиндік, кристалдары қалың тақта, сояу тәрізді, агрегаттары түйірлі. Түсі — қызылдан қараға дейін, кейде сары, жылтырлығы — шыныдай, каттылығы — 6, жіктілігі жоқ, меншікті салмағы — 4,1. Ортит гранитоидтерде, пегматиттерде, грейзендерде кездеседі. Синонимі: алланит.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. іSВN 5-7667-8188-1 іSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>