Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Геофизикалық карта"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы" → Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:02, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Геофизикалық карта - Жердің гравитациялық, магниттік, геотермиялық және т.б. өрісін бейнелейтін карта. Бұл карталар былайша сараланады:
1) геофизикалық түсірулер барысында алынған бақыланған өрістер карталары;
2) бақыланған өрістерді интерпретациялау нәтижесінде алынған трансформацияланған өрістер карталары;
3) Жер өрістерінің өлшенген не есептелген физикалық параметрлерінің картасы;
4) Жердің физикалық өрістерінің бейнесін геологиялық, тектоникалық және т.б. мәліметтермен ұштастыратын геологиялық-геофизикалық карталар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>