Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Пицунда (ұлттық қорық)"
(→Флорасы) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Пицунда — Грузияда Абхазияның, Гагры ауданынан оңтүстігіне қарай 20 километр қашықтықта Қара теңіз жағалауындағы Пицунда мүйісінде орналасқан ұлттық қорық. 1926 жылы негізделген, жалпы алаңы 164,7 га. Б. з. б. 1 ғасырдың аяғынан б. з-ға дейін Рим қорғаны һ. Б. з. 4 ғасырдан бастап Кавказдағы христиан діні орталықтарының бірі. 8 ғасырдың 80 жылдарында Абхаз хандығына, 10 ғасырда Грузия құрамына, 17-18 ғасырларда түріктердің қол астына, 19 ғасырдың басынан Россия құрамына енді. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>
Флорасы
Ормандар — 123 га, оның ішінде 70 гектарында пицунда қарағайы өседі; одан басқа емен, шаған, жөке т.б. ағаштар өседі. Солтүстік-шығыс жағында самшит өседі.
Фаунасы
Қорықтың фаунасын қабандар, еліктер, қырғауылдар, сусары сияқты жануарлар құрайды.