Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Исеншағыл"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Исеншағыл, Есеншағыл – Үлкен Борсық құмының оңтүстігіндегі құмды алқап.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылының оңтүстігінде 10 километр жерде. Ұзындығы 20 километр, енді жері 10 километр. Құм жағалауында Тасқара қыстауы, Түлкібай, Қарабарақ құдықтары орналасқан құбырлары өтеді.
Негізінен палеоген тау шөгінділерінен түзілген. Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Қоңыр топырағында жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымына қолайлы.