Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әлімжан Үсенұлы Сағымбаев"
ш («КСРО денсаулық сақтау ісінің үздіктері» деген санатты қосты (HotCat құралының көмег) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:23, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету
Сағымбаев Әлімжан Үсенұлы (18.09.1943 ж. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық ауылында т.) – дәрігер, медицина ғылымының кандидаты (1974).
Білімі
Ақтөбе медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1966).
Еңбек жолы
1976 – 83 ж. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1983 – 85 ж. облысы аурухананың бас дәрігері, 1992– 97 ж. медицина училищесінің Ақтау бөлімшесінің, 1997 жылдан «Мейірбике» медицина колледжінің директоры.
Ғылыми еңбектері
Алматы қаласындағы Химия ғылымдары институтының ғалымдарымен бірлесіп жаңа дәрі шығарғаны үшін КСРО Мин. Кеңесінің авторлық куәлігін алған.
Марапаттары
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>.
Дереккөздер
<references/>