Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Төлеп бағы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ТӨЛЕП БАҒЫ – Сырдария өз-нің сол жақ жағалауы мен Қуаңдария аралығында орналасқан жасыл желек. Жаңақала қорғанынан 6 км төмен Өтетілеу қолтығы, Маметек арығының тұсында орналасқан. Оны 19 ғ-дың басында медресе балаларына қамқор болған Төлеп деген молда еккен. Райым бекінісінің салынуына орай Төлеп молда Қуаңдарияның батыс жағалауына көшіп кеткен. Өлерінде балаларына мұра етіп қалдырған бақ күтімсіз қалып, тек 1857 ж. орыс әскерлері қоныстанып, баққа талдың бірнеше түрі, тобылғы, тұт ағашы, жиде, жүзім, т.б. көптеген ағаштар өсірілген. Бүгінде оның орнын құм басқан. Бақ жөнінде А.Макшевтің, Майердің қолжазбалары мен Н.Ановтың еңбектерінде айтылған.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала