Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сәуле Ілиясқызы Қасымбекова"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 4 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Сәуле Ілиясқызы Қасымбекова — педагогика ғылымының докторы (2002), профессор (2006).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1959 жылы 6 ақпанда Алматы облысы, Талғар қаласында туған.
Қазақ дене тәрбиесі институтын (1980, қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы) бітірген.
1980-83 жылдары Алматы қаласындағы №1 республикалық Олимпиялық даярлау училищесінде хатшы, 1983-91 жылдары республикалық Балалар сарайында аға әдіскер, 1991-97 жылдары Алматы қаласындағы №3 республикалық Олимпиялық даярлау училищесінде директордың орынбасары, 1997-2001 жылдары республикалық Оқу-әдістемелік кабинеттің директоры, Қазақ білім академиясында зертхана меңгерушісі, 2001-04 жылдары ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2004 жылдан осы орталықтың бас директорының орынбасары, 2007 жылдан Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Научно-педагогические основы формирование физической культуры учащихся молодежи" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
120-дан астам ғылымыи еңбектің, оның ішінде 3 монография, 4 оқулық, 22 оқу-әдістемелік құралдың авторы, 10 авторлық куәліктің иегері.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>