Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлбаршын Олжабайқызы Сыздықова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш («Еуразия ұлттық университеті тұлғалары» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегі)
 
ш (1 түзету)
 
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғалым Гүлбаршын Олжабайқызы Сыздықова — филология ғылымының докторы (2010), доцент (2007).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1970 жылы 3 қазанда қазіргі Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Байдалы би ауылында туған.

Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын (1994, қазіргі Қазақ агротехникалық университеті) бітірген.
1994 жылдан Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, университтетің Гуманитарлық институтының директорының орынбасары, 2007 жылдан доцент қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, қазақ тілінің морфонологиясы. Тіл білімінің философиялық-әдістемелік мәселелері. Валенттілік теориясы, қазақ тіліндегі семантикалық валенттілік.
"Қазақ тіліндегі семантикалық валенттілік" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
50-ден астам ғылыми еңбектің, 1 оқу құралы, 1 әдістемелік оқу құралының авторы.

Марапаттары

  • Дарынды жас ғалымдардың мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері (2004-06);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті деканының мақтау қағазы (2012);
  • KATEV халықаралық қоғамдық қорының Құрмет грамотасы (2012);
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Алғыс хаты, Құрмет грамотасы (2014, 2017);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері (2019).<ref>Сыздықова Гүлбаршын Олжабайқызы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер