Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қасым Әбуұлы Асанов"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Қасым Әбуұлы Асанов (1 қаңтар 1931, Үтері ауылы, Құрманғазы ауданы, Қазақ АСКР, РКФСР — 12 мамыр 2008, Алматы) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері (1965), ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1976), профессор (1983), Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі (1996).
Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1951) Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын (1963) бітірген. 1955 — 1969 ж. ұжымшар төрағасы, 1969 — 73 ж. Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында аға ғылым қызметкер, 1973 — 1987 ж. Шымкент облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірбие ст-ның, “Шымкент” кеңшар техникумының және дендрологиялық саяжайдың директоры болды. 1987 жылдан Қазақтың мал азығын дайындау және жайылым ғылым-зерттеу институтының директоры. Асановтың ғылыми еңбектері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарындағы жайылымға қолайлы жерлерді зерттеуге арналған. Шөлейт жерлердің құнарлылығын арттыру үшін Асанов Атырау облысында алғаш рет мал-азықтық дақылдарды (жоңышқа, қоңырбас субидайық, жиматарғақ, үйбидайық) бірге сеуіп суармалы жайылым жасау әдісін қолданды. Сондай-ақ ол белок пен витаминдердің сапасын жақсарту үшін мал азығына көк балдырды (хлорелла) қосуды ұсынды. А. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, Халықтар достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Шығармалары:
- Пастбищное хозяйство Казахстана, А.-А., 1992;
- Практикум по пастбищному хозяйству. А., 1994.
Дереккөздер
<references/>