Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Оңдасын Абдуллаұлы Абдуллаев"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 10 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Музыкант Оңдасын (Оқан) Абдуллаұлы Абдуллаев (13 қыркүйек 1948, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы — 8 қыркүйек 2023, Алматы) — кеңестік және қазақстандық баяншы, музыка педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996).
Өмірбаяны
1948 жылы 13 қыркүйекте Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Киров атындағы колхозда дүниеге келген.
1968 жылы П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін, ал 1980 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.
Еңбек жолын 1968 жылы Есік педагогикалық училищесінде музыка және ән мұғалімі болып бастаған.
1968–1970 жылдары дейін Есік педагогикалық училищесінде баян сыныбы бойынша педагог.
1971–1978 жылдары Есік қаласындағы Балалар музыка мектебінің баян сыныбы бойынша педагог.
1979–1980 жылдары ҚазКСР Халық Ағарту министрлігінің Музыкалық білім беру және эстетикалық тәрбие зертханасының әдіскері.
1980–1982 жылдары Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебінің баян сыныбы және оркестрлік дирижерлық бойынша педагог.
1982–1984 жылдары ҚазКСР Халық Ағарту министрлігінің тәрбие бөлімінің инспекторы.
1984 жылдың қарашасынан 2020 жылдың тамызына дейін Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебінің директоры (36 жыл).<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Директор қызметінен кеткеннен кейін осы лауазымдағы өзінің мұрагері Бақтияр Әбдірашевтің ұсынысы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың келісімімен Күләш Байсейітова атындағы РММӨМ директорының кеңесшісі болып тағайындалды.
Қобыз және баян кафедрасының аға оқытушысы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры.
2023 жылы 8 қыркүйек күні кешке 75 жасқа толуына 5 күн қалғанда Алматыда үйінде қайтыс болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары мен атақтары
- 1988 — «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» төс белгісі;
- 1990 — «КСРО мәдениет үздігі» төсбелгісі;
- 1996 (24 қазан) — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» — қазақ музыка педагогикасын дамытудағы және қоғамдық қызметі үшін;
- 2002 — «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі;
- 2008 — «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі — білім және педагогика ғылымындағы ерекше еңбегі үшін;
- 2008 (7 желтоқсан) — «Парасат» ордені — қазақ музыка педагогикасының дамуына қосқан зор үлесі мен қоғамдық қызметі үшін;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2011 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
- 2018 (2 шілде) — «Астанаға 20 жыл» медалі;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2020 — «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалі;