Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Владимир Васильевич Зашквара"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету
Владимир Васильевич Зашквара (20.2.1928, Украина, Днепропетровск қ. – 8.9. 1996, Алматы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1985).
Қызмет жолы
- Харьков университетін бітірген (1952).
- 1952 – 63 ж. Харьков политехникалық институтында оқытушы
- 1963 – 92 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында кіші, аға ғылы қызметкер, лаборатория меңгерушісі
- 1992 – 96 ж. Қазақстан ҒА-ның Физика-техника институтында лаборатория меңгерушісі болды.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары физикалық электроника саласына арналған. Зашквара цилиндр және сфера тәрізді электрстатикалық айнаға негізделген энергия талдағыш жүйелердің электрондық оптикасын, қатты дене бетінің электрондық спектроскопиясын зерттеді, параметрлері әр түрлі спектрометрлерді құрастырды.
- Шығармасы: Фокусировка пучка быстрых заряженных частиц в электростатическом зеркале с цилиндрическим полем, “Техническая физика”, т. 38, в. Қ, 1968.
Марапаттары
- Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1992).<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 20 ақпанда туғандар
- 1928 жылы туғандар
- Днепрде туғандар
- 8 қыркүйекте қайтыс болғандар
- 1996 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Физика-математика ғылымдарының докторлары
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- КСРО физиктері
- Қазақстан физиктері
- Харьков университеті түлектері
- Харьков университеті оқытушылары
- Ядролық физика институты қызметкерлері
- Физика-техника институты қызметкерлері