Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Надежда Бейсенқызы Жиенбаева"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету
Үлгі:Ғалым Надежда Бейсенқызы Жиенбаева — педагогика ғылымының докторы (2008).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1959 жылы 3 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында туған.
Мәскеу мемлекеттік университетін (1981), Жоғары құқық мектебін (2000), Мəскеу мемлекеттік университетінің докторантурасын (2005) бітірген.
Мектепте мұғалім (1981-91), Алматы мемлекеттік университетінде доцент (1991-98, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), деканның орынбасары (1998-2004), Психология институтында бас ғылыми қызметкер (2004-09), Қазақ еңбек жəне əлеуметтік қатынастар академиясының профессоры (2009-10), 2010 жылдан кафедра меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Развитие активности личности современного школьника в процессе формирования общения" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2008);
- "Қазақстан Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2010).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>